2025 жылғы 25 маусымда Астана уақытымен 08:51:53-те Алматы маңында жер сілкінді. Бұл туралы "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Сейсмикалық жағдай Қытай Халық Республикасының аумағында болған. Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста.
Есептік деректер бойынша, жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі тіркелген жоқ, халық пен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрған жоқ.