Қазақстанда заңсыз қызмет көрсеткен бес микрокаржы ұйымының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Бұл ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Тергеу нәтижесінде микрокаржы ұйымдары азаматтарға заңды несиелеу түрінде күштеп қосымша төлемдер, комиссиялар және сақтандыру шарттарын жүктегені белгілі болды. Мұндай тәсіл арқылы олар сыйақы мөлшерлемесіне қойылған шектеулерді айналып өткен.
"2025 жылдың басынан бері агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан аса азамат зардап шеккен, олардың жалпы артық төлем сомасы 71 млрд теңгеден асқан. Қарыз алмас бұрын, оның шарттарын мұқият оқып, түсініп алыңыз", - дейді агенттік өкілі.