$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Түркістан облысында егістік алқаптарға ағын су кестемен берілмек

Түркістан облысында егістік алқаптарға ағын су кестемен берілмек

Түркістан облысында су тапшылығы сезілуде. Оған биыл аймақта жауын - шашынның аз түсуі бірден бір себеп. Шардара су қоймасында тіршілік нәрі әдеттегіден екі есе аз. Мәселен, былтыр осы уақытта 4 млрд 200 млн текше метр су жиналған. Ал қазіргі бары небәрі 2 млрд 400 текше метр. Қазір Өзбекстаннан келетін трансшекаралық каналдарда да судың көлемі 30 процентке аз болып тұр. Салдарынан егістік алқаптарда өнімділік аз болу қаупі туындауда. 336 шаруа қожалықтың 50 мың гектар жерге егілген арпа, бидай, мақсары секілді дақылдары ораққа ілінбей қалады ма деген қауіп бар. Сондықтан мәселенің  шешу үшін сала жауаптылары шаруаларға суды кестемен беру жағын қолға алды. 

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біз 20-шы маусымнан 1-ші шілдеге дейін Сайрам ауданына ескертілді. Оған дейін су беріліп келді. Он күнге суды тоқтатып, біз ол суларды қазір Отырар ауданына беріп жатырмыз. 1-ші шілдеден  Түлкібас ауданы мен Ордабасы ауданында суды тоқтатамыз он күнге. Ол суларды біз Сауран ауданына, Сайрам ауданына берілетін болады. Шаруаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кестеге сәйкес тиімді суды пайдалану жұмыстары жүргізілуде.