Енді елге кіргізілген көліктер тексеріледі. Соңғы екі жылда 56 мың темір тұлпар әкелінген. Оның басым бөлігі шекарадан заңсыз, ешқандай құжатсыз өткен. Салдарынан 70 млрд теңге залал келді. Бөлшек ретінде жеткізілген автомобильдердің дені қайта құрастырылып, көшелерде жүйіткіп жүр. Бұл ел экономикасын қомақты залал келтіріп отыр.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Өзіміздің ішкі нарықты шетелден келген әртүрлі қоқыстан қорғау керек деп ойлаймын. Түрлі ақпарат бойынша қазір біздің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен Қазақстанға үшінші елден контрабандамен жеткізілетін автомобильдер кіріп жатыр. Қазақстанға оң рөлді автокөліктерді кіргізуге тыйым салынған.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәселенің барын жасырмады. Тиісті тексеру жүргізуге дайын екенін айтты.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Жалпы айтқанда, ондайды естігеніміз бар. Бөлшек ретінде әкеліп, осында конструктор етіп жинайтыны айтылды. Бірақ 56 мың көлік деген өте көп және ондай деректі естіген жоқпыз. Осыншама көлік кіргізілсе, көрінетін еді. Сіздің мәліметтерді ескеріп, өкілетті органдарға тапсырма береміз. Олар тексереді.