$519.57 €612.78 ₽6.61
×

"Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу керек",- О.Бектенов

25.06.2025ж. 20:00
89
"Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу керек",- О.Бектенов

Енді қоқыс тастаған адамдарға жаза күшейтіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін осындай тапсырма берді. Ол жазғы демалыс орындарындағы тазалыққа назар аударуды сұрады. Сонымен қатар, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша бірқатар құзырлы органдарға нақты ұсыныстар әзірлеу керек деді. Еске салайық, биыл "Таза Қазақстан" акциясы аясында 189 мың тонна қоқыс жиналып, 2 млн ағаш отырғызылған.  

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша барлық бұқаралық спорттық іс-шараның бірыңғай күнтізбесін әзірлеуге тиіс. Сондай-ақ жалпыға бірдей пайдалануға арналған негізгі экотуризм объектілерінің картасын жасап, онда орналасқан жері, туристік объектілер және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуі керек.


Бұдан бөлек, Қазақстанда қоқыс полигондары жетіспейді. Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында полигондар 90 пайызға толса, Астана, Жезқазғанда мүлде лық толы. Әкімдіктер осы күнге дейін тек 7 полигонды ғана іске қосқан.  

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Ал қалған 52 полигон бойынша әкімдіктер ешқандай жұмыс жүргізбеген. Абай облысы бойынша – 22 полигон, Ақмола облысы – 4 полигон, Солтүстік Қазақстан облысы – 8 полигон бойынша құжаттардың мерзімі өтіп кеткен, ал түзету жұмыстары мүлде жоспарланбаған. Жалпы алғанда, жаңа алаңдар салынбай жатыр, себебі қаржыландыру жоқ. Осыған байланысты министрлік қоқысты утилизациялаудан түсетін қаражат есебінен полигондар салуға қаржы бөлу мәселесін қарастырды.