Күзде жасанды интеллект туралы парламенттік тыңдау өтеді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Осы мақсатта салалық комитетке дайындық жүргізуді тапсырды. Оған шетелдік және отандық сарапшылар қатысып, депутаттар бастамашы болған жасанды интеллект туралы заң жобасы бойынша пікірлерімен бөліседі.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Палата депутаттары бастамашы болған жасанды интеллект туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Заң жобасы қыркүйекте екінші оқылымда қаралады. Бірақ, осы заңды жүзеге асырып, енгізудің маңызды екенін ескере отырып күзде үкіметпен бірге парламенттік тыңдау өткізуді ұсынамын. Менің ойымша, қыркүйектің екінші жартысында өткізе аламыз.