$518.5 €601.62 ₽6.61
×

БҚО-да өндіріс орындарында биыл 2 адам қаза болған

25.06.2025ж. 20:00
54
БҚО-да өндіріс орындарында биыл 2 адам қаза болған

Биыл Батыс Қазақстан облысында 19 жазатайым оқиға орын алып, 21 адам зардап шегіпті. Екі адам жұмыс орнында көз жұмған. Аяқ астынан ауыр жараланғандар да аз емес. Сондықтан қауіпсіздікке қойылар талапты күшейтеміз дейді, еңбек инспекторлары. Заңды бұзған 3 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл салыныпты. Енді өңірдегі кәсіпорындарда "Халықтық бақылау" жобасы енгізіліп жатыр. Бұл өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті күшейтуге оң әсер етпек, дейді сала мамандары. 

МЕРХАТ САПАРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ БҚОД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда 183 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. 6 кәсіпорын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өтті және де басшылар мен мамандарды оқыту орталықтарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеруден өтті. Облыс кәсіпорындарында да өндіріс жарақаттарының алдын алу жұмыстары жүргізіледі.