Алматыда "AMANAT" партиясының өкілдері ірі өндірістік кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. Айта кетейік, шара "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылды. Партиялықтар фабрикадағы жұмыс процесін көріп, шығарылатын өнімдермен танысты. Айгүл Мамбетованың 33 жылдан астам еңбек өтілі бар. Қарапайым қызметкерден бастап, басшылыққа дейін көтерілген. Қазір жастарға бар білгенін үйретіп, біліктіліктерін шыңдауға септесуде. Шараны ұйымдастырушылар осындай еңбек адамдарын насихаттап, оларға деген құрметті аттырмақ.
АЙГҮЛ МАМБЕТОВА, ЦЕХ БАСШЫСЫ:
Осы фабрикаға келген кезімде 22 жасымда институттан кейін 1992 жыды келдім биыл октябрьде 33 жыл болады. Үзіліссіз жұмыс істейді. 4 сменамен. 3 смен істейді, 1 смен демалады екі күннен. Біздің цех 4 түрлі вафли и 4 түрлі шоколодный батончик шығарылады. Менің жұмысым өзіме өте ұнайды. Сол үшін 33 жыл істегесін зейнетке де осы жұмыстан шығам деп ойлаймын.