$518.5 €601.62 ₽6.61
×

Көлік және құрылыс саласына арналған көрме

25.06.2025ж. 20:00
60
Көлік және құрылыс саласына арналған көрме

EXPO халықаралық көрме орталығында көлік және құрылыс саласына арналған көрме өтіп жатыр. Қазақстан, Қытай, Түркия мен Өзбекстаннан келген 230-дан астам компания заманауи техника мен салалық шешімдерді таныстырып, кәсіби әріптестік мүмкіндіктерін талқылауда. Көрме аясында жүк және жолаушылар көлігінің түрлері, арнайы техника, автосервиске арналған жабдықтар ұсынылған. Сонымен қатар, өңіраралық логистика, автопарк жаңарту, кадр даярлау мәселелері талқыланған іскерлік сессиялар өтуде. 

ӘНУАР МӘЛІК, КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

4 ел қатысып жатыр. 230-дан астам компания көрмеге келді, 50 данадан астам техника қойылған. Бұл тақырыпта ең қиыны - техника жинау. Ал бізде ол 50-ден асады. Кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер келіп, өз көздерімен көріп, тікелей тілдесіп, кәсіптеріне немесе немесе белгілі бір мемлекеттік сала түріне ыңғайлы деген техниканы бірден алуларына болады.