Индонезияда екі қазақ есірткі тасымалдаған деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
АР агенттігінің жазуынша, Индонезия билігі екі айға созылған операция барысында есірткі саудасына күдікті 285 адамды, оның ішінде 29 әйел мен жеті шетел азаматын қамауға алып, жарты тоннадан астам есірткі тәркілеген.
Күдіктілер арасында Қазақстанның екі азаматы бар.
Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі есірткі саудасының орталығы болып кеткен, бірақ елде есірткі тасымалдаушылар кей жағдайда өлім жазасына кесіліп жатады.
Индонезияның Ұлттық есірткімен күрес агенттігінің басшысы Мартинус Хуком сәуір мен маусым аралығында 20 провинцияда жүргізілген операция барысында екі қылмыстық топтың ақша жымқыру схемалары анықтағанын айтты. Олардан шамамен 1,5 миллион АҚШ доллары тәркіленген.
Тұтқындалған 36 күдікті, оның ішінде 21 әйел қолдарына кісен салынып, журналистердің алдына шығарылды. Олардан 683,885 грамм есірткі тәркіленген. Олар 1,3 миллионнан астам адамға саудалап үлгірген. Наркосиндикаттар есірткіні тасымалдауға құрлық және теңіз жолдарын, сондай-ақ пошта қызметтерін қолданған.
Индонезияда есірткіге қатысты қылмыстарға жаза қатаңдатылған. Елде өлім жазасын күтіп отырған 530 адам бар, олардың 96-сы шетел азаматтары. 2016 жылы соңғы рет өлім жазасына 4 шетелдік, бір индонезиялық азамат кесілген.