$518.5 €601.62 ₽6.61
×

"Ми мен өкпе ауруына ұшыратуы мүмкін": Қытайда жарқанаттан адамға қауіп төндіретін жаңа 2 вирус табылды

AstanaTV
25.06.2025ж. 22:46
43
"Ми мен өкпе ауруына ұшыратуы мүмкін": Қытайда жарқанаттан адамға қауіп төндіретін жаңа 2 вирус табылды

Қытай ғалымдары бақтарда мекендейтін жарқанаттардан адам денсаулығына қатер төндіретін екі жаңа вирус анықтады. Зерттеушілер бұл вирустар ми қабынуы мен өкпе ауруларына себеп болуы мүмкін екенін ескертіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Жалпы зерттеу барысында жарқанаттардан 22 түрлі вирус табылған, оның 20-сы ғылымға мүлде беймәлім. Ең қиыны – бұл вирустарға қарсы ешқандай дәрі жоқ.

Мамандардың айтуынша, вирус жұқтыру үшін жарқанатпен тікелей байланысудың қажеті жоқ, ол жемістер арқылы да жұғуы мүмкін.

Алайда жарқанаттарды жою да дұрыс шешім емес. Себебі олар бақтағы зиянкестерді жеп, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, адам мен жабайы жануар арасындағы шекараны сақтау жолдарын қарастырып жатыр.

Дәрігерлер мен экологтар бақтағы жемістерді жеудің алдында жақсылап жууға, жабайы жануарлардан аулақ болуға кеңес береді.