$518.5 €601.62 ₽6.61
×

Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығындағы емін бастады

AstanaTV
26.06.2025ж. 07:10
46
Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығындағы емін бастады

Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының басшысы Ажар Ғиният автобус апатында екі аяғынан айырылған Алуаның еміне бір топ маман кірісетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бейнет аяқ астынан келеді. Жақында кішкентай Алуа туралы жазып, біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтуді ұсынғанымызды жеткізген едім. Кеше Алуа анасымен бірге орталығымызға оңалту емін алуға келіп түсті. Бала өте тұйық, бейтаныс адамдарға, әсіресе медициналық киімдегі мамандарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан алғашқы күндері Алуамен психологтар мен физиотерапевтер жұмыс істей бастады. Жағдайына қарай біртіндеп дефектолог, ойын терапевттері, ЛФК нұсқаушылары және басқа да мамандар қосылады. Ем шипа болсын», - деді Ажар Ғиният.