$518.5 €601.62 ₽6.61
×

Жаңбыр, бұршақ, жел: Циклон әсерінен күн суытады

AstanaTV
26.06.2025ж. 08:08
41
Жаңбыр, бұршақ, жел: Циклон әсерінен күн суытады

"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны жақындап келе жатыр. Соның әсерінен елде тұрақсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Алдағы үш тәулікте біраз өңірде найзағайлы жаңбыр мен күшті жел тұрады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің батыс, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерінің кей жерлерінде қатты жауын-шашын, бұршақ және дауылды жел болуы мүмкін.

Найзағай мен желдің белсенділігіне қарамастан, елдің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Күндіз батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы +18…+28°С дейін жылынады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +28…+38°С аралығындағы аптап ыстық сақталады.