$518.5 €601.62 ₽6.61
×

СҚО-да газ құю кезінде өрт шығып, 8 адам күйіп қалды

AstanaTV
26.06.2025ж. 13:29
70
СҚО-да газ құю кезінде өрт шығып, 8 адам күйіп қалды

СҚО-да газ құю кезінде газ таситын көлік отқа оранды. Сегіз адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

25 маусым кешкісін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Ильичёвка ауылында орналасқан "Тайынша май" ЖШС аумағында газгольдерге газ құю барысында өрт шыққан.

"101" қызметінің пультіне сұйытылған газды тасымалдаған газовоздың өртенгені туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, газ құю кезінде шланг үзіліп, нәтижесінде көлік тұтанған. Жерасты резервуарының жапқыш арматурасы да жалынға оранған.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері мен Ақмола облысынан құтқарушылар жедел жетті.

Тоғыз адам зардап шекті. Барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік алған. Зардап шеккендердің бірі тексеруден кейін үйіне жіберілді. Сегіз адам Көкшетауға ауруханаға жеткізілді , - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрт толығымен сөндірілді. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала тергеу жүргізілуде.