Адамның бойынан «жын шығарумен» айналысатындар Америкада да бар. Жақында Батыс Вирджинияда полиция әйел адамды қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
19 маусымда Роли округінің шерифіне Лестер ауданында балаға зорлық-зомбылық көрсетіліп жатыр деген хабар келеді. Жергілікті органның мәліметінше, Ребекка Бейли деген әйел 5 жасар қызының төменгі жағындағы алдыңғы екі тісін күштеп жұлып тастаған.
Куәгерлер Бейли қолына крест ұстап, «балаға жын кірді» деп айқайлады дейді. Сол кезде отбасындағы үлкендер оянып кетіп, әйелден баланы тартып алған.
Шериф орынбасары Бейлиді балаға зорлық-зомбылық жасады, жарақат келтірді деп қамауға алған. Ал балаға отбасы мүшесінің бірі қамқор болады.