$518.34 €607.18 ₽6.62
×

3 банкте депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме көтерілді

AstanaTV
26.06.2025ж. 16:07
65
3 банкте депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме көтерілді
Фото: fingramota.kz

3 банкте депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме көтерілдіАлғашқылардың бірі болып Home Credit Bank депозит пайызын көтерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұндай шешімді Еуразиялық банк пен Forte Bank те шығарған. Тек мөлшерлеме көлемі әртүрлі.

Home Credit Bank 17 маусымнан бастап депозит мөлшерлемесін көтерді (ЖТСМ көрсетілген):

"Жинақ науқаны" 6 айға 18,5%-дан 19%-ға дейін;

"Жинақ Хоум" 6 айға 18%-дан 18,5%-ға дейін;

"Жинақ Хоум +" 3 айға – 18% (бұрын мұндай мерзім болмаған);

"Жинақ Хоум +" 6 айға 17%-дан 18%-ға дейін.

Ал, 25 ​​маусымнан бастап Еуразиялық банк депозит мөлшерлемесін (ЖТСМ) арттырды:

жаңа салымшылар үшін толықтыру құқығы жоқ 3 айлық салымдар бойынша – 18,5%-дан 19%-ға дейін;

6 ай мерзімге толықтыру құқығы жоқ жаңадан ашылған депозиттер бойынша (10 млн теңгеден бастап) – 18,5%-дан 18,8%-ға дейін.

Forte Bank жеке тұлғалардың депозиттері үшін ЖТСМ деңгейін арттырды:

3 айға ішінара алумен – 15,6%-ға дейін;

3 айлық жинақ – 18,4%-ға дейін.