Өгей әкесі Тұрсын Алагөзовтен сұхбат алған актриса әрі блогер Айсәуле Бақытбек оған қайырымдылық әрекеті туралы сұрақ қойып, жылатып алды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бүгін айтқанымыздай, актриса Айсәуле Бақытбек youtube-тағы «Сырласу» жобасына өзінің өгей әкесі Тұрсын Алагөзовті қонаққа шақырып, оның бизнес-жобаларына пиар жасаған. Сөз барысында ол өзінің қарапайым қызметкерлеріне сыйлаған 100 пәтері туралы сұрағанда, Тұрсын Алагөзов жылап жіберді.
«Бұл қайырымдылық менің жүрегімнің қалауы болды. Менің анам жетімдер үйінен шыққан адам. Сондықтан, балаларын махаббатқа бөлеп өсірді. Бізге қол көтермейтін, ұрспайтын. Өйткені, өзі жетімдіктің азабын тартқан адам», - деген Тұрсын Алагөзов көз жасына ерік берді.
Айсәуленің айтуынша, Тұрсын Алагөзов анасын үнемі есіне алып жүреді екен.
«Менің осындай жұмсақ адам болғаным анама тартқанымнан шыққан шығар. Мен қызметкерлеріме пәтер берген кезде мені танымайтын талай адам келіп құшақтап, алғыс айтты», - дейді Алагөзов.