Павлодарда төрт қызды зорлап келген өгей әкеге үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам 24, 22, 19 жастағы және 15-тегі қыздарды 2015-2017 жылдар аралығында зорлап келген.
Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс жабық өтті.
Сот ер адамның кінәсі дәлелденгенін айтты. Бірақ 46 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған жоқ. Себебі жаза жақында ғана қатаңдатылды.
“2017 жылғы 11 шілдедегі өзгертулермен Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі “Кәмелетке толмағанды зорлау” бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, — деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.
Ер адам 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Ол сотта өз кінәсін мойындаған жоқ.