$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Жетісу облысында жүк және жолаушыларға арналған халықаралық әуежай салынады

26.06.2025ж. 20:00
84
Жетісу облысында жүк және жолаушыларға арналған халықаралық әуежай салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов Skyhansa компаниясының өкілі Кристин Грётцбахпен кездесті. Тараптар Жетісу облысындағы «Қорғас» маңында жүк және жолаушыларға арналған халықаралық әуежай салу жобасын талқылады. Құны 250 миллиард теңге болатын жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Әуежай заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады. 2027 жылға дейін терминал, отын қоймасы мен жүк кешені салынады. Жоба бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды. 

КРИСТИН ГРЁТЦБАХ, ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ – БАСҚАРУШЫ СЕРІКТЕС:

Біз жай ғана әуежай емес, халықаралық деңгейдегі дамыған инфрақұрылымы: жүк және жолаушылар терминалдары, жанармай құю кешені, әуе кемелеріне авиациялық-техникалық қызмет көрсету орталығы, бизнес орталығы, мультимодалды логистикалық мүмкіндіктерге арналған қонақ үйлері бар көпфункционалды өңірлік хаб құрып жатырмыз. Оның Қытаймен шекараға жақын орналасуы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ шеңберінде халықаралық сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасайды, ал оның теміржол және автожол желілеріне қосылуы жаңа Жібек жолындағы келешегі зор логистикалық тораптардың біріне айналдырады.