Шымкентте жұмбақ жағдайда қайтыс болған 7 балалы әйелдің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл қылмыс бойынша «өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен 42 жастағы келіншектің күйеуі сотқа тартылған болатын. Істі қараған судья соталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын барынша қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады. Алайда, сот үкімімен марқұмның туыстары келіспейді. Еске салайық, марқұмның денесі көпқабатты үйдің ауласынан ақпан айында табылған. Келіншек үшінші қабаттан құлап, бірден жан тапсырған. Марқұмның туыстары оның терезеден құлауына күйеуі кінәлі деп санайды. Олар отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген деген ойда. Айтуларынша, қайғылы жағдай марқұмның 2 және 4 жастағы екі баласының көз алдында болған көрінеді. Алайда сот барысында кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің сөзі куәлікке алынбаған. Ал сотталушы өзі әйелін ұрғанын мойындағанмен, құлаған сәтінде басқа бөлмеде болғанын айтты. Сондықтан биіктен құлауына ешқандай дәлел жоқ. Марқұм мен сотталушы 16 жыл заңды некеде тұрған. Тек 2020 жылы ресми түрде ажырасқан. Арада көп уақыт өтпей қайта жарасқанмен кикілжің арылмаған көрінеді. Анамыздың көрмеген қорлығы жоқ деген 22 жастағы қызы аппеляциялық шағым түсірмек ойда.
ПЕРИЗАТ ХАЛДАРБЕК, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:
Берілген жаза өте аз еп ойлаймын. 1 жыл 6 ай ол өте аз. И оның арасында 5 ай қамауда болған. Сол 5 айын алып тастайын деп отыр. Мамамды ұрғаны бар, қаншама шыдағаны бар. Аппеляцияға беру керек деп ойлаймын. Дұрыс емес қой, мысалы қазір бытовой насиелиенің өзі 8 жылға қамайды мысалы ше. Ал, бұл жерде адам өліп отыр. Соның өзі 1 жыл 6 ақ ай беріп отыр.