$537.34 €623.05 ₽6.65
×

Ақтөбеде жаңадан салынған асфальтты бұзып жатыр

Ақтөбеде жаңадан салынған асфальтты бұзып жатыр

Ақтөбеде жаңадан салынған асфальтты бұзып жатыр. Мердігер мекеме талапқа сай салмаған. Төрт жолақты Кеңес Нокин даңғылының 6 шақырымына асфальт төселуі керек болған. Мердігер былтыр 3,8 шақырым жолды салып аяқтады. Бірақ, қадағалаушы мекеме  жолдың сапасыз салынғанын анықтап отыр. Құрылысқа қолданылған материалдардың құрамы мен қалыңдығы дұрыс болмаған. Сондықтан мердігер мекеме алфальт жамылғысын толықтай алып, қайта төсеуі тиіс. 

ЕСЕТ ҰЗАҚБАЕВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

В результате лабораторных испытании. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша көптеген кемшіліктер анықталды. Асфальт бетон жабындысы нормативтік құжаттарда көрсетілген талапқа сай болмай шықты.  Негізі қалыңдығы  6 см болуы тіис, мердігер 5 см салған. Мердігер өз қаражатына жолды қайта қырып тастап, жаңадан салып шығуы тиіс. 


ДАНИЯР ДОСАНОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:

Біздер қазір крупно-зернистый кз жайып жатырмыз. Полностью төрт полосаны алып жатыр. Күніне біздер 1 км салып жатырмыз. Бір күн фризамен қырамыз,бір күн асфальт саламыз.