$519.64 €609.23 ₽6.62
×

«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
26.06.2025ж. 20:00
141
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығын табыстады. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы жеңімпаздар жеті номинация бойынша анықталды. Палата спикері бүгінде Мәжілісте 700-ден астам БАҚ өкілі аккредиттелгенін атап өтті. Бұл тізім уақыт өткен сайын ұлғайып келеді. Депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарымен түрлі форматта белсенді жұмыс атқаруда. жиын барысында ол еліміздегі заң шығару үдерісі мен жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауда отандық журналистиканың маңызды рөлін атап өтті. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір қоғамды журналиссіз елестету мүмкін емес. Халық сіздердің жазған мақалаларыңыз, сюжеттеріңізден еліміздегі және әлемдегі оқиғалардан хабардар болып отырады. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси-экономикалық реформалары мен ауқымды бастамаларын халыққа дұрыс түсіндіруге мол үлес қосып келесіздер. Соның ішінде Парламентте қабылданып жатқан заңдар сіздер арқылы насихатталып жатыр. Сол үшін зор алғысымды білдіріп қойғым келеді.


«Парламент сөзі» сыйлығының тоғызыншы жыл өткізіліп келе жатыр. Осы уақыт ішінде 140-қа жуық адам марапатталған. Биыл байқауға қатысуға 100-ден астам өтінім келіп түскен. «Үздік бейне-сурет материалы» номинациясын «Астана» телеарнасының операторы Алмас Жулубаев иеленді.