$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Қостанайда «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Таңшолпан» жобасы іске қосылды

26.06.2025ж. 20:30
Қостанайда «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Таңшолпан» жобасы іске қосылды

Қостанайда «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының тағы бір жобасы  «Таңшолпан»  іске қосылды. Көріктілердің саяси белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаға партияның Орталық аппараты жанындағы Саяси менеджмент академиясы да атсалысып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – әйелдер қауымын қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуға дайындау, кадрлық резерв қалыптастыру, саяси мәдениетті арттыру және көшбасшылық дағдыларын дамыту. Игі бастамаға білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет және азаматтық секторда қызмет етіп жүрген белсенділер қатысады. «Таңшолпанның» таныстырылымына  облыстың барлық ауданынан 100-ге жуық  қыз-келіншек шақырылды. Іс-шара аясында партия бастамаларына белсенді атсалысқан адамдарға алғыс хат табысталды.

ЕЛДОС НҰРЛАН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бірегей жоба деп қарауға болады.Әйелдердің саяси белсенділігін соның ішінде атқарушы органдардағы жаңағы үнін естірту мақсатында осындай  жоба қолға алынып отыр. Әйелдердің көшбасшылығы тұрғысынан, сосын енді шешім қабылдайтын инстанциялардағы әйелдердің  үлес мәселесі бұл бүгінгі таңда өзекті шаруалардың бірі.