$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Павлодарда сүт өндірушілердің IV халықаралық форумы өтіп жатыр

26.06.2025ж. 20:00
108
Павлодарда сүт өндірушілердің IV халықаралық форумы өтіп жатыр

Павлодарда  сүт өндірушілердің  IV халықаралық форумы өтіп жатыр.  2 күнге жалғасатын жиында әр елден келген  фермерлер мен осы саланың  үздіктері өзара тәжірибе алмасатын болады.  Басты тақырып сүт өндіру технологиясындағы жаңашылдықтар мен жетістіктерді  талқылау. Әрі сүт өндірісіндегі күрделі мәселелерді бірлесе шешу күн тәртібіне қойылды.  

Осымен 4-ші рет ұйымдастырылған  сүт өндірушілер форумының Ертіс-Баян өңірінде өтуі тегін емес. Кейінгі жылдары  аймақта сүт өндірісі қатты қарқынмен дамып келеді. Ел бойынша алдыңғы үштікке іліккен. Бұл өте жоғары көрсеткіш. 

СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біз Павлодар облысында ақырғы 4 жылда үлкен нәтижеге жеттік. Жетістікке септік болған осындай көрмелер. Ол жерде біздің сүт өндіруші азаматтар. Сіздер білесіздер, ақырғы жылы 4 ферма ашылды. Олар заманауи технологиямен, оның ішінде «Павлодар milk» бар, «Ақтоғай milk» бар. Қазір салынып жатқан үлкен үлкен фермалар бар. Кронс-агро деген. Сонлықтан бұның бәрі кешегі күнмен салыстырғанда, үлкен алға деген қадам деп білу керек.


Павлодар облысында сүт өндірумен 17 кәсіпорын айналысады. Өткен жылы  96 мың тонна сүт өндірілді.  Өндіріс көлемі 84 пайызға өскен.  Аймақта сүтке арналған 30 мыңнан астам асыл тұқымды сиыр бар. Олардың орташа өнім көлемі әр бастан  30 литрге жеткен. 

АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Осы 3 жыл ішінде 109 сүт фермасын саламыз. 40 ферманың жұмысы қазір басталды. Осы жылда да 40 ферма болады. Жалпы Павлодар облысы да осы бағдарламаға қатысып отыр. Павлодар облысы бізде агрорлық аумақтардың бірі. Осы жерде өсімдік шаруашлығы дамытып жатыр. мал шаруашылығын дамытып жатыр. Оның ішінде сүт саласын дамытып жатырмыз.

 
Форумда көтерілен мәселелердің бірі сүт фермаларына қажетті жабдықтар жетіспейді. Оларды тек шетелдерден ғана алуға мүмкіндік бар. Осы форум барысында Қытай, Ресейден келген  делегаттармен осы түйткілдің шешілу жолы қарастырылмақ.