Суды сақтайық! Осындай атаумен бүгін елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде экологиялық эстафета өтті. Онда бастауыш сынып оқушылары суды үнемдеудің маңызына үңіліп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың қажеттілігін ұғынды. Бұдан бөлек, білім алушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепте "Жасыл әлем" эколагері де жұмысын жалғастырып келеді. Лагерьде оқушылар табиғатты ластамау, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге ден қойып, танымдық және спорттық іс-шараларға белсене атсалысуда.
БАҚЫТГҮЛ НҰРТАЗИНА, Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ №66 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Мақсаты - оқушыларымыздың су деген ұғымға қатысты құнды көзқарастар қалыптастыру, яғни құндылық ретінде суды үнемдеуге, табиғатты, суды ластамай, оған жанашырлық танытып, аялауға қамқорлық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.