Қазақстанда Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтеді. Жарыс 20-28 тамызда ұйымдастырылмақ. Турнир — паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі саналатын боччадан болады. Жарысқа Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан кемінде 14 елдің спортшылары қатыспақ. Бұл дода Лос-Анджелесте 2028 жылы өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама беретін рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік бермек.
НАЗЫМ ЖАНГАЗИНОВА, ҚАЗАҚСТАН БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Негізі Бұл жарыстың біздің елімізде, елордада өтуінің маңызы өте зор. Біздің, жалпы Қазақстанның халықаралық жарыстарды өткізе алатынын. Халықаралық қонақтарды, спортсмендермен оның ішінде нақты айтқанда инклюзиядағы спортты дамытып, ұйымдастыра алатынын көрсететін мықты көрсеткіш деп айтсақ болады.