АҚШ-та Алабама штатындағы қойма қызметкері әйелдер дәретханасына жасырын камера орнатып, ұсталып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға сәуір айында Глаф-Шорс қаласында болғанымен, ол туралы ақпарат енді белгілі болды. Hangout мейрамханалар желісінің қоймасында жұмыс істейтін әйел дәретханаға кіріп, раковинаның астындағы күмәнді затқа назар аударады.
Сөйтсе, бұл GoPro маркалы бейнекамера екен. Құрылғы әйелдің дәретханаға кіріп келе жатқан сәтін түсіріп үлгерген. Одан бөлек, камераны орнатқан Брендан Смит те — сол қойманың қызметкері — кадрға түсіп қалған. Жазбада оның камераны унитазға қаратып түзетіп жатқан сәті анық көрінеді.
Құрылғы жадынан басқа бейнежазбалар табылмаған. Әйел бұл камераны басшылыққа тапсырып, Смит жұмыстан қуылды. Компания өкілдерінің айтуынша, ол өзінен және оны әшкерелеген әйелден басқа ешкімді түсіріп үлгермеген.
Қазір Брендан Смит сотты күтіп отыр.