$518.34 €607.18 ₽6.62
×

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

AstanaTV
27.06.2025ж. 12:05
150
Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында экономиканың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді.

Үкімет Президент қойған міндеттерді ескере отырып, жоспарлы жұмыс жүргізуде.

«Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр, орындайды да. Бұған ешқандай күмән жоқ. Жалпы экономикалық ахуал тұрақты. Бірақ сіз айтып өткен мәселелер жоқ емес. Ол өздеріңіз білетіндей, бір күнде пайда болған проблемалар емес. Бірнеше жылдар бойы қалыптасып жатқан мәселелер. Үкімет қазіргі таңда оның бәрін шешу үшін белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Осы жуырда ғана жаңа Салық кодексі қабылданды. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, конструктивті ортақ жұмыс үшін депутаттық корпусқа алғысымды білдіремін», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет Парламентпен бірлесіп, еліміздің фискалдық саясатын айқындайтын жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдады. Олар стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды, ақша-несие және салалық саясатты байланыстырады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарымен интеграцияны қамтамасыз етеді.