Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің экономикалық реформаларды жүргізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.
«Жаңа Салық кодексінің арқасында біз келесі жылдан бастап республикалық бюджетке қосымша шамамен 3 трлн-нан астам түсімдер түседі деп есептейміз. Бұл қаржының барлығы тек даму мақсаттарына бағытталады.
Даму мақсаттар дегеніміз ол бірінші кезекте ірі инфрақұрылымдық нысандарды іске қосу, электр қуат көздерін автомобиль және теміржол жолдарының желісін дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту сияқты маңызды міндеттерге жолданатын болады. Ал бұл салалар ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Сондықтан біз осы бағыттарда белсенді әрі тиімді жұмыс істейтін болсақ, елімізде тұрақты экономикалық өсім болады. Оның нәтижесінде салықтық база кеңейеді және республикалық бюджетке түсімдер түседі. Соның арқасында мемлекет әрі қарай да өз міндеттерін орындайды», —
деп атап өтті Олжас Бектенов.