$518.34 €607.18 ₽6.62
×

АӨК 13,7% өсімін көрсетті: рекордтық өнім және инвестициялардың өсуі тіркелді

AstanaTV
27.06.2025ж. 12:33
50
АӨК 13,7% өсімін көрсетті: рекордтық өнім және инвестициялардың өсуі тіркелді

Агроөнеркәсіптік кешен 2024 жылы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналды, 13,7% өсуді көрсетті. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Дәнді дақылдар 26,8 млн тоннаны, ал өнімділік 16,2 ц/га құрап, 12 жылдағы рекорд орын алды.

Агроөнер кәсіп кешенінің 505 субъектісі қаржыландырылып, 3 585 субъектіге кредит берілді, 577 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатып алынды.

Жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын 80 су арнасына жаңғырту аяқталды. Жерді су үнемдеу технологияларымен қамту 1,5 есеге, яғни 470 мың гектарға дейін өсті.

Бұл шаруаларға 3,2 млн гектардан астам аумақта егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуге мүмкіндік берді.