$518.34 €607.18 ₽6.62
×

Отандық өндірушілермен офтейк келісімшарттар мен ұзақ мерзімді келісімшарттардың көлемі 2,5 есе өсті

AstanaTV
27.06.2025ж. 13:12
78
Отандық өндірушілермен офтейк келісімшарттар мен ұзақ мерзімді келісімшарттардың көлемі 2,5 есе өсті

Қазақстан Үкіметі 2024 жылы басым тәртіппен отандық тауар өндірушілерді қолдауға баса назар аударды.

Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында реттелген сатып алу шеңберінде отандық компаниялар арқылы 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалғанын хабарлады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті.

Мұндай шара ішкі өндірісті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және еліміздің өнеркәсіп базасын нығайтуға бағытталған.