Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қажылыққа баратындар вакцинациядан өтуі тиіс

AstanaTV
28.07.2017ж. 20:00
2865
Қажылыққа баратындар вакцинациядан өтуі тиіс

Жеке тазалықты сақтап, түйелерге жоламау керек. Қазақстандық эпидемиологтар қажылыққа аттанатындарға осындай ескерту жасап жатыр. Өйткені коронавирус дертінің беті қайтпаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2012 жылдан бері 2015 жағдай тіркелген. 700-ден аса адам қайтыс болған. Олардың 80 пайызы сауд арабиялықтар.

Қазір қажылық сапарға аттанушыларға вакцина егу міндеттелген. Виза алу үшін менингококкты инфекциядан екпе алғандығы туралы халықаралық сертификаттың болуы басты талап. Биыл қажылық сапарға аттанатындар көп шоғырланған елдің 8 аймағында вакцинация жүргізілмек. Ал биыл қажылық парызды өтеуге 5 мың қазақстандық аттанғалы отыр.