$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

27.06.2025ж. 20:00
68
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Басқосу алдымен шағын құрамда өтті. Онда экономикалық интеграцияны онан әрі дамыту перспективасы талқыланды. Бұдан кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды. Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды. Айта кетейік,Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.