Жыл басынан бері 5 жарым мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы алғанда, 34 жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам этникалық қазақ қоныс аударды. Көбі Қытай мен Өзбекстаннан оралғандар. Қандастарымыз еліміздің еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстанған. Оларға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш, яғни 275 200 теңге, ал тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге бір жыл ішінде 59 мыңнан 118 мың теңгеге дейін төленеді. Жыл басынан бері 340 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасты.