Жамбылда әйелінің көлігін өртеп жіберген азамат сотталды. Азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасқан отағасы бес литр жанармай сатып алып, жағып жіберген. Темір тұлпардың түгі қалмаған соң сот қасақана жасаған іс-әрекеті үшін 3 жыл алты айға жаза тағайындаған. Зайыбының несиеге алған көлігін қала сыртыны шығарып жұбайына қырсығып іші сыртына бензин құйып от қоя салған. Сөйтіп жанып жатқан көлігінің қаңқасы қалғанша қарап тұрған. Осылайша отағасының бір ашуы отбасына 4 млн 4 мың теңге шығын келтірген. Кредитін әлі құтылмаған көрінеді. Әйелінің жүргізуші куәлігі болмай азаматтық некедегі жолдасы айдып жүрген екен.
БЕКЖАН ПАРМАНҚҰЛОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сотталушы сотта өз кінәсін сотта толық мойындады. Осыған орай шын жүректен өкінуін және келтірілген материалды толық көлемде өтеуіне байланысты сот үкімімен сотталушы А-ға ҚК 202-бабы 2-ші бөлігі 1-ші,5-ші тармақшаларымен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасы қолданылды.