$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Оралда тағы да газ тапшы

27.06.2025ж. 20:00
48
Оралда тағы да газ тапшы

Оралдық автокөлік иелері тағы да газдан тарығып отыр. Соңғы бірер күнде сұйытылған отын құятын жанармай бекеттерін күзеткен жүргізушілер ашуын кімнен аларын білмей жүр. Өйткені кейбір жерде газ сату тоқтатылған, ал енді бірі газды тек талонмен таратып жатыр. Арзан жанармай азайғасын шығынға баттық, кезек күтіп уақыт жоғалттық, дейді жүргізушілер. Ал салаға жауапты шенеуніктер өңірге қажет көгілдір отынды уақытында толығымен алдық дейді. Бірақ қолда бар қордың елеулі бөлігі қазір көршілес Ақтөбе мен Қостанай облыстарына жіберіліп жатыр. Дегенмен бірер күнде газ тапшылығын реттейміз, деп сендірді.

БЕЙІМБЕТ МУСИН, БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

3 мың 24 тоннаның кеше 205 тоннасы алынды. Бүгін қалғаны алынады. Енді қосымша тағы да Ақтөбе зауытынан "СНПС-Ақтөбе" зауытынан 504 тонна қарастырылған. Темір жол транспортымен келеді. Осы айдың аяғына дейін қазіргі ситуация толығымен жабылады.