$520.39 €609.58 ₽6.63
×

«AMANAT» партиясы жариялаған медиа сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

27.06.2025ж. 20:00
221
«AMANAT» партиясы жариялаған медиа сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

Елордада үздік журналистер марапатталды. "AMANAT" партиясы дәстүрлі байқауын қорытындылады. Билік пен қоғамның арасында дәнекер боп жүрген тілшілерге «Аманат» медиа сыйлығы табысталды. Биыл 10 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден астам өкілі иеленді.

«AMANAT» партиясы журналистер арасындағы осы республикалық байқауды 16 жыл қатарынан өткізіп келеді. Осы жылдар аралығында аталған іс-шара еліміздің ақпарат саласындағы маңызды оқиғаға айналды. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов байқау жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының барша өкілін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша журналистер қауымын құттықтап, мәртебелі марапаттар тапсырды. Президентіміз ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін ерекше атап өтті. Журналистер - біздің ең жақын және ең сенімді серіктестеріміз. Өйткені Бұқаралық Ақпарат Құралдарынсыз қоғаммен етене араласып жұмыс істеу мүмкін емес. Журналистер партия өміріне терең бойлап, етене саяси процесстерге араласса, Аманаттықтар сіздер арқылы өз жұмысымызды көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз.