$520.39 €609.58 ₽6.63
×

«Заң мен тәртіп». Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары талқыланды

27.06.2025ж. 20:00
218
«Заң мен тәртіп». Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары талқыланды

Мемлекеттік органдар мен ірі квазимемлекеттік компаниялар сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күреседі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің Қарағанды қаласында өткен көшпелі отырысында айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтіп жатыр. Оған мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты. Қатысушылардың айтуынша, қоғамда барлық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптаспаса кеселді азайту қиын. Сондықтан жастар арасында құндылықтарды қалыптастыруға көңіл бөлінбек. Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жазира ЖЫЛҚЫШИЕВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ОФИЦЕРІ:

Үлкен мәселе сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру жастар арасында, оның ішінде студенттік жастар арасында. Өйткені Қарағанды облысы үлкен өңір, бұл өңірде мыңдаған жас студентер бар. Жастар ол- біздің болашақ. Сондықтан да көшпелі отырыстар бізде қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасымен әр өңірде өтіп жатыр.