$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылға жайлы мектеп пен амбулатория салынды

27.06.2025ж. 20:00
69
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылға жайлы мектеп пен амбулатория салынды

Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданында ұлттық жобалар аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Прапорщиково ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылған. Енді заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған амбулатория ауыл ішінен толыққанды медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болды.

ЕЛЕНА СТАРЕНКОВА, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз жыл соңына дейін тағы 5 әлеуметтік нысанды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жалпы осы бағдарлама аясында 6 нысан салынады. Сонымен қатар тағы 6 нысан салу қажеттілігі туралы өтініш бердік. Өзге де ауылдар осы тізімге енсе дейміз.

Ал Белоусовка ауылында 1 қыркүйектен бастап 300 оқушы жаңа жайлы мектепте білім алады. Соңғы жылдары үшінші мектептің қажеттілігі жиі көтерілген. Енді жаңа оқу орнында білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған, бұл мұғалімдерге инновациялық әдістерді тиімді қолдануға мүмкіндік бермек.

НАТАЛЬЯ ДЖАМБИРОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біз Президентімізге және осы мектептің құрылысына атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – балаларымыздың болашағы мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға қосылған үлкен үлес. Мектептің материалдық-техникалық базасы мұғалімдердің жаңа әдістерді қолдануына жол ашып, білім сапасы мен оқушылардың ынтасын арттырады деп сенеміз.