$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Қызылордада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері адам өмірін ажалдан арашалады

Қызылордада  Ұлттық ұланның әскери қызметшілері адам өмірін ажалдан арашалады

Қызылордада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері адам өмірін ажалдан арашалады. Оқиға Сырдария өзенінің жағасында болған. Жағада келе жатқан ер адам аяғы тайып суға құлап кеткен. Ағыстың күшімен күресуге шамасы жетпей, көмекке адам шақырған. Сол сәтте ұландықтар ойланбастан қол ұшын созған. Бұл бірінші жағдай емес. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, Ұлттық ұлан қызметкерлері алғашқылардың бірі болып көмекке ұмтылған еді.