$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Өскеменде көлігіне бензин құйып тұрған ер адам оттық қолданамын деп өртеп алды

AstanaTV
27.06.2025ж. 21:32
45
Өскеменде көлігіне бензин құйып тұрған ер адам оттық қолданамын деп өртеп алды

Өскемен қаласындағы жанармай құю бекетінде көлік өртенді. Оқиға жанармай құю кезінде шыққан ұшқынның салдарынан болды.

Инцидент қалалық бензин құю бекеттерінің бірінде болды. Белгілі болғандай ер адам көлігіне жанармаймен құйып жатқанда ұшқын пайда болып, бензин буы тұтанып, көлік өртке оранған

Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

«Тексеру барысында азаматтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.