$520.39 €609.58 ₽6.63
×

«Күтеміз»: Айжұлдыз Адайбекова жақсы жаңалығын бөлісті

AstanaTV
28.06.2025ж. 11:27
69
«Күтеміз»: Айжұлдыз Адайбекова жақсы жаңалығын бөлісті

Белгілі қазақстандық блогер, дизайнер әрі инфлюенсер Айжұлдыз Адайбекова сәби күтіп жүргенін жариялады. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бейнежазба арқылы жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бейнероликте аналық мейірім, адамзат табиғаты мен махаббаттың түрлі формасы көркем түрде бейнеленген. Айжұлдыз өзінің сезімін философиялық және нәзік сипатпен бөліскен.

«Бақыт пен қиын процестен тұратын жаратылыс. Әр ана кезінде бала болды, кейін дана, одан кейін – ана. Бұл видеода түрлі махаббат пен жылу формасы көрсетілген. Және де кімді күтетінімізді көрсеттік», – деп бөлісті Айжұлдыз.

Айжұлдыз Адайбекова мен оның серігі Сәкен Қағаров алғаш рет ата-ана болатынын қуана хабарлаған. Желі қолданушылары жас жұпты жаппай құттықтап, жылы лебіздерін арнап жатыр.

Айта кетейік, Айжұлдыз бен Сәкен соңғы уақытта бірге жиі көрініп, жанкүйерлер арасында қызығушылық тудырған еді. Енді олар бұл қарым-қатынасты жаңа кезеңге шығарып отыр. 

Instagram-дағы видеоға 70 мыңнан астам лайк қойылған

1,5 мыңнан астам пікір жазылып, жұрт құттықтауын жаудырды

Айжұлдыздың жазбасы эмоциялық тереңдігімен ерекшеленіп, көпшіліктің жүрегінен орын тапты.