$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Роза Рымбаева халыққа үндеу жасады

AstanaTV
28.06.2025ж. 18:33
53
Роза Рымбаева халыққа үндеу жасады

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әлеуметтік желі арқылы ел тұрғындарын сақ болуға шақырып, өз атынан таралып жатқан фейк жарнамаға еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді. Әнші алаяқтар оның есімі мен дауысын пайдаланып, интернетте жалған видеоролик таратқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Менің ешқандай ауруым жоқ. Ешқандай емдік өнімді жарнамалаған емеспін. Бұл — жалған, алаяқтардың ойыны», – деді Рымбаева Instagram парақшасында жариялаған бейнежолдауында.

Фейк роликтерде әншінің бейнесі мен дауысы өңделіп, «Қазатомөнеркәсіп» өнімін жарнамалап отыр деген көрініс жасалған. Алайда Роза Рымбаева бұл компанияға да, оның өнімдеріне де еш қатысы жоғын нақты айтты.

Роза Рымбаева барша қазақстандықтарды абай болуға, күмәнді жарнама мен жалған видеоларға сенбеуге шақырды.

Алаяқтар танымал адамдардың бейнесін жиі қолданады

Әлеуметтік желі арқылы таралған жарнаманың шынайылығын тексеру қажет

Ешбір емдік өнім танымал есіммен ғана негізделіп қабылданбауы тиіс.