$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады

AstanaTV
29.06.2025ж. 00:21
39
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларындағы адам өлімі екі есе азайған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – бүкіл қоғамның ортақ еңбегі мен сақтық шараларын сақтау нәтижесі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Дисциплина – бұл шектеу емес, бұл – қорғау. Ол сізді де, жақындарыңызды да сақтайды», – деді Сұлтанбаев.

Қайсар Сұлтанбаев барша жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу тастады, жол ережелерін сақтау адам өмірін құтқаратын басты фактор екенін еске салды.

ІІМ өкілі атап өткендей, жолда қауіпсіздікті сақтау – тек полицейлердің емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Бұл ретте ата-аналар, мұғалімдер, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бірдей үлес қосуы керек.

«Біздің басты мақсатымыз – жолдарда бірде-бір адам қаза таппайтындай жағдай жасау. Бірде-бір өмір трассада үзілуге тиіс емес», – деді Сұлтанбаев.