$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанды

AstanaTV
29.06.2025ж. 07:36
38
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанды

Кәсіпқой бокстан IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) Америка Құрама Штаттарында өтетін келесі жекпе-жегіне аттанды, деп хабарлайды baq.kz.

Спортшы Шымкенттегі №14 емдеу орталығында медициналық тексеруден өткенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.

Америкаға жолда – кезекті жекпе-жекке. Шымкент қаласындағы №14 емдеу орталығында кәсіби дәрігерлерден денсаулығымды тексертіп шықтым. Қызмет сапасы жоғары, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ақ халатты абзал жандарға көп рахмет! – деп жазды ол желіде.

Әзірге қарсылас аты аталмағанымен, Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-та өтетін маңызды жекпе-жекке дайындалып жатқаны анық.