$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесі бір аптаға жартылай жабылады

AstanaTV
29.06.2025ж. 09:37
48
Астанада Шыңғыс Айтматов көшесі бір аптаға жартылай жабылады

Астана тұрғындары мен қонақтарына Шыңғыс Айтматов көшесінде басталатын орташа жөндеу жұмыстары туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 28 маусым мен 5 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Қорғалжың тас жолына дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

Көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады, - деп хабарлады басқарма.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.