$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Мысырда жантүршігерлік жол апатынан 19 адам қаза тапты

AstanaTV
29.06.2025ж. 11:35
71
Мысырда жантүршігерлік жол апатынан 19 адам қаза тапты
Фото: pixabai

Мысырдың Минуфия провинциясында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 19 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Al-Youm as-Sabia таратқан мәліметке сәйкес, тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Апат Каирден солтүстік-батысқа қарай орналасқан Минуфия өңірінде тіркелген. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі әлі де жұмыс істеуде. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың арасында жергілікті тұрғындармен қатар, шетел азаматтары болуы мүмкін. Бұл ақпарат нақтыланып жатыр. Дәрігерлер жараланғандарға медициналық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, Минуфия провинциясы жол-көлік апаты жиі тіркелетін өңірлердің бірі саналады. Осыған байланысты Мысыр билігі жүргізушілерге жолда барынша мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.