$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Екі қалада ауа ластанады

AstanaTV
29.06.2025ж. 12:16
66
Екі қалада ауа ластанады
Фото: жасанды интеллект

Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту: 29 маусымда бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Синоптиктердің мәліметінше, ауада зиянды қоспалардың шоғырлануына қолайлы метеожағдайлар қалыптасады. 

«2025 жылғы 29 маусым күні Алматы қаласында, ал Атырауда түнде НМУ – қолайсыз метеожағдайлар байқалады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.