Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында елордада «Жол қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы өтті. Шараға 100-ден астам кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен волонтерлер қатысты.
Оларға «Ережені сақта – өмірді сақта!» деген ұранмен қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына арналған флешмоб ұйымдастырылды. Астана қаласының полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жолда мұқият болуға шақырды.
«Астана қаласындағы орталық саябақта жол қауіпсіздік күні акциясы өтуде. Акцияға қатысушылар кәмелетке толмағандар, біздің жасөспірімдер жол ережелерімен танысады. Жол ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді. Біз білмегендеріне көрсетеміз», – деді жергілікті Полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Бахытұлы.