$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Жетісу облысында екі полицей қаза болды

AstanaTV
29.06.2025ж. 14:25
52
Жетісу облысында екі полицей қаза болды
Фото: instagram.com/sadenov_online

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол полиция майоры Арнұр Әлханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Әсілбековтің есімдері әріптестерінің жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті.

Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді, - деп жазды Сәденов.